ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БІЗДЕ ҚОНАҚТА.

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ БІЗДЕ ҚОНАҚТА.

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл мен Ғалым Әміреев студент жастармен кездесу өткізді. Кеш барысында колледж директоры Болатбек Ахметов қонақтарға оқу орнының материалдық-техникалық базасын көрсетіп, «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтарды қолданудың тиімді жолдарымен таныстырды. Ал, білім ордасының студенттері  цифрландырылған жаңа технологиялар техникасын теория және практика жүзінде көрсетіп, 3 тілде толыққанды анықтама берді. Іс-шараға қатысқан Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смағұл мен Ғ.Әміреев  студент жастарды толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Колледж жанынан ашылған "Насихат"клубының алғашқы отырысында бизнес стартап жобаларын ашу барысында  мемлекет тарапынан  көрсетілетін қолдаулар мен  ғылымға инновация енгізуде инвесторлардың көмегі тұрғысында жол сілтеу бағыттары талқыланды.
17 ақпан 2022 ж. 145