"ӨШПЕС ЕРЛІККЕ-МӘҢГІ ТАҒЗЫМ"
Әр халықтың, әр адамның қасиетті борышы-Отаны үшін жанын пида қылған азаматтарын мәңгі есте сақтап, құрметтеу, жас ұрпаққа отансүйгіштіктің үлгісін және бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға, үлгі ете білуге тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл және «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысының аяқталғанына 21 жыл толуына орай «Өшпес ерлікке-мәңгі тағзым» атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу барысында колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы , директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ахметова Анар Барлыққызы кеш қонақтарын оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, бүкіләлемдік банк есебінен қаржыландырылатын «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» және «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтарды қолданудың тиімді жолдары мен перспективасын таныстырды. Ал, білім ошағымыздың басты элементі болып табылатын студенттеріміз қос позицияда жұмыс жасайтын цифрландырылған жаңа технологиялар техникасын теория және практика жүзінде меңгерілуі туралы 3 тілде толыққанды анықтама беріп өтті.
Іс-шараға қатысқан Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев, Қазалы ауданы Мәслихатының хатшысы Б.Жарылқап, «Nur Otan» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жалғасбаев, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Д.Тілеуімбетов, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі мекемесінің басшысы Қ.Әбубәкірұлы, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Әлиев, «Ардагерлер одағының (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Баймбетов мен Ауған соғысының ардагерлері мен Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері қатысып, қайсар жауынгерлердің арқасында соғыста қаза тапқан батыр ағаларымыз бен есіл боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Шара барысында уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған Ауған соғысы туралы бейнефильм көрсетіліп, студенттер ауған соғысының ардагерлеріне толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.