Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2 қараша 2021 жылы «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында жасөспірім қыз балаларына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Жиналысқа Жастар ресурстық орталығының сала мамандарын шақыртылып, қазіргі таңдағы өзекті проблемалар көтерілді. Дөңгелек үстелге колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орыынбасары Г.Күзембаева,қыздар кеңесінің төрайымы М.Жакипова және өзін- өзі тану пәні мұғалімі Рахманберди Г.А. жетекшілік жасады. Тақырыпқа сай бейне баян көрсетіліп, қыз балалардың жыныстық жетілу кезеңдері туралы ашық әңгіме болды. Оқушы қыздар ерте жүктіліктің алдын алу және салдары, гигиена,жыныстық тәрбие туралы сұрақтар қойып мамандардың кеңестерін тыңдады. Оқушылардың көкейінде жүрген өзекті сұрақтарға медицина маманы Қонысбаева Гүлназия, психолог А.Айтхан жауап берді.