ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ТОПТЫҚ ТӨБЕЛЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ.

Жиналыстың мақсаты-топтық төбелес пен құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттандыру-әдістемелік көмектер беру.
Жиналыста Қазалы АПБ, ЖПҚб, ЮПт-ныңаға инспекторы, полиция майоры М.Бегалиева, Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры А.Адилов, колледж директоры Б.Ахметов пен колледж директорының тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қатысып, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.



