Шет тілі пәнінің оқытушысы Ерсайын Асыл Болатқызының ашық сабағы

Nearpod платформасын пайдаланып сабақ өткізудің ерекшелігі бір мезгілде, яғни сабақ кестесіне сәйкес бір уақыт аралығында онлайн және оффлайн режиміндегі студенттерге жаңа сабақты баяндау, студенттермен кері байланыс орнату, сонымен қатар берілетін тапсырма мен жаңа сабақ материалдарын студенттерге оқытушыныңбасқаруымен жүргізілуінде.
Сабақта, бейнероликті көре отырып сұрақтарға жауап беру, бір нұсқасын таңдау, биікке өрлеу ойыны, ашық алаң, яғни берілген сұраққа студенттер өз ойын толық жазу және таңдау арқылы тапсырмаларды орындады. Әр тапсырманың орындалу нәтижесі рейтниг жүйесінде экранда жариялы түрде беріліп, студенттер белсенділігін арттырды.
Қазіргі заман талабына сай студенттерге қашықтан білім беруге, білім деңгейін бағалауға және сабақ үдеріс басқаруға мүмкіндік беретін Nearpod платформасы нарықтағы үздік бағалау бағдарламаларының бірі.



