«Алтын жүрек анамыз»

Мақсаты-жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шараларымен танысу, мемлекетіміздің болашағы-жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Отанға, туған жерге, туған елге деген махаббатын және ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіре отырып тәрбиелеу.
Сайысқа барлық орта оқу орындарынан 25 студент қатысып, олардың өнеріне республикалық “Астана” телеарнасының меншікті тілшісі, облыстық “Рухани жаңғыру” орталығының маманы Қожахметова Мөлдір Тоқтасынқызы, “Болашақ” университеті жоғары колледжінің әдіскері Серібаева Жұлдызай Мүсілімқызы төрелік жасады.
Нәтижесінде, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Ұйқас Нұргүл Құрманбекқызы І орын иеленді. Жетекшісі жоғары санатты ұстаз Күзембаева Гүлнар Алпысбайқызы.