ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»

Мұқағали мұрасы, Мұқағалидың маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы.
Ғасыр алыбының бейнесі жылдар өткен сайын биіктеп, тұлғалана түседі. Тау биіктігімен,теңіз тереңдігімен, дала кеңдігімен көрікті десек, Мұқағали жанға жақын жырларымен сүйікті, өлеңдерімен көрікті. 
Мұқағали-ғажайып, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. 
Осы орайда, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жоғары санатты ұстаз Күзембаева Гүлнар Алпысбайқызының ұйымдастыруымен ғасыр ақыны, қара өлеңнің хас шебері, драматург, ұстаз, сатирик, журналист, поэзия Хантәңірісі М.Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты танымдық кеш болып, білім алушылар ақын шығармашылығынан тәрбиелік мәні зор өлеңдерін жатқа айтып, әлеуметтік желі арқылы көпшілікке насихаттады. 
 
06 ақпан 2021 ж. 490