ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Есіңе мені алғайсың..."

"Есіңе мені алғайсың..."

2021 жылдың 5 акпаны күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханашысы С.Сугурова мен қазақ тілі мен әдебиет пәніңің оқытушысы Г.Кузембаеваның ұйымдастыруымен "Есіңе мені алғайсың..." атты Мұқағали Мақатаевты 90 жылдығына арналған таным кеші өтті.
Жиында оқу орнының студенттері жыр падишасының туындыларын орындап, жүрекжарды шығармаларын оқыды. Колледж кітапханашысы С.Сугурова "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында ақынның 90 жылдық мерейтойына байланысты дайындалған "Мұқагали - мәнгілік ғұмыр" атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Шараға колледж директоры Болатбек Әбиұлы қатысып құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы студенттерге марапаттар табыстады.
"Мұқағали - ғұмырының соңына дейін  алыстамай, қолынан қаламы түспей, қазақтың қара өлеңінің құдіреті мен сырына молынан қаныққан ақын. Өлең киесінің мәні мен мағынасына терең бойлап, сөз маржанын келісті кестелей білген Мақатаев мұралары қазақ әдебиетіне қосылған баға жетпес туындылар.





05 ақпан 2021 ж. 355