Шығыстың Ұлы ойшылы Әл-Фараби

Әл-Фараби сол кезде белгілі болған этика, саясат, жаратылыстану, психология, эстетика, логика сияқты білім салаларын зерттеп, салыстырған.
Адам бақытқа жетудің негізі деп санайтын адамгершілік, гуманизм мәселелеріне ерекше мән берді. Замандастары оны "Муаллимус Сони" —
Аристотельден кейінгі "екінші мұғалім", сондай-ақ "Шығыс аристотелі"деп атады.
Сіздердің назарларыңызға Шығыс философиясының ірі өкілдерінің бірі, ғалым - энциклопедист, Аристотель мен Платон шығармаларына түсініктеме берген,автор Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Шығыстың ұлы ойшылы-Әл-Фараби" онлайн-іс-шарасын ұсынамыз. Колледж студенттері Ақкенже Әділбекова, Наурызбек Тоғамысов, Аяулым Рашидова, Мақсат Наметов, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті оқытушылары Садуакасова к., Утембетова Н., Алибекова Л., Жұбаева А., шығыстың ұлы ойшылы туралы поэмадан, өлеңнен үзінділер оқыды.