Оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жиын

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша:
1. "Шетелде діни білім алу өзекті ме" тақырыбында мағұлмат берген Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ Қазалы ауданы бойынша бөлімше меңгерушісі Демесбай Талғат Маратұлы.
2. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізген Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция Қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Бегалиева Махаббат Төлепбергенқызы.
3. Студенттердің қашықтықтан оқыту кезеңіндегі сабаққа қатсуы және тәртібі туралы директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ералы Серік Талқанбайұлы баяндама жасады.
Жиын соңында пікір алмасып, студенттер сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. Қатысқан сала мамандарына, студенттерге және ата-аналарға директордың орынбасары С. Ералы алғысын білдірді.





