ҚКТЖК » Жаңалықтар » Кездесу кеші

Кездесу кеші

Адам өміріндегі ең маңызды кезең мамандық таңдау кезі. Мамандық таңдау-өте жауапты іс.Таңдаған мамандығың ертеңгі сенің табыс көзің ғана емес,  өмірлік мансабың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі.
Мамандықтың жаманы болмайды, кез-келген мамандықтың жолын тапқан адамға таптырмас байлық. Мамандықтың  кез -келгеніне икемділік қажет.Осы мақсатта  Төретам  кентіндегі  85  мектептің 9- сынып бітірушілерімен Қазалы көлік -техникалық  жоғары колледжінің Оқу өндірістік  жұмыстары жөніндегі  орынбасары  М .М.Ақниязов пен  директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Ерболатов Жомарт Бақытжанұлының басшылығымен  кездесу кеші өткізілді. Кездесу кеші еліміздегі ахуалға сəйкес  онлайн форматта жүргізілді.  Кездесу барысында  90 жылдық тарихы бар оқу орны жайлы,  оқытылып жатқан мамандықтары жəне де оқу-тәжірибелік базасы туралы толық ақпараттар берілді.Оқушылардың көкейіндегі сұрақтардың барлығына жауап беріліп,оқу ордасына білікті маман болу үшін білім алуға шақырды.


13 қараша 2020 ж. 408