ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Рухани жаңғыру"

"Рухани жаңғыру"

28 казан күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасы жана жобаға шолу жасады.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 13 арнайы жоба бекітілді. Әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты биылғы жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 4 жаңа арнайы жоба қосылды. ("Үнем – қоғам қуаты", Дәстүр мен ғұрып", "Еңбек елдің мұраты" және "Құқықтық мәдениет").
"Үнем – қоғам қуаты" арнайы жобасы негізінде Қазақстан жастары арасында биік талғамды қалыптастыруға, қоғамдық мінез-құлық нормаларын дамытуға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға арналған біршама іс-шараларды өткізу жоспарланған.
Сонымен бірге ұмыт болып бара жатқан, алайда ізгілік пен тәрбие құндылығы жағынан қазіргі заманда да өзекті болып отырған дәстүр мен тарихи жәдігерлерді қайта жандандыруға бағытталған "Дәстүр мен ғұрып" жобасы басталып отыр.
"Құқықтық мәдениет" жобасының негізгі қағидаттарының бірі – бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру жолында құқықтық мәдениеті толысқан қоғам құру. Бұл мақсатта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде бірқатар іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.
Жаңа бірегей жобалардың қатарында "Еңбек – елдің мұраты" арнайы жобасы да бар. Жобаның мақсаты - қазіргі ұрпаққа қажырлы еңбектің арқасында өз кәсібі саласында табысқа жеткен адамдардың жетістігін барынша насихаттау, жастарға кәсіптік бағдар беру.
Әр жобаға жеке концепция жасалған. Бұл жобалардың барлығының басты идеясы – тұлғаны тәрбиелеу мен қоғамда биік талғам қалыптастыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=797118471108464&id=100024309545271
28 қазан 2020 ж. 684