ҚКТЖК » Жаңалықтар » Абай - дара, Абай - дана.

Абай - дара, Абай - дана.

Бүгінгі таңда қазақ халқының жай-күйін жете танып, кемшілік-мінін айтқан, жарқын болашаққа жол сілтеген ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтілуде. Абайдың шығармалары кеңінен насихатталып,  барша халық оның айтпақ ойына тағы бір үңіліп жатыр. Осы орайда Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде де іс-шаралар кешені қызу ұйымдастырылу үстінде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары бастамасымен "Мәңгі дара - Абай"  тақырыбында онлайн шара көрерменге жол тартты. Колледж студенттері Талғат Айбол, Рашидова Аяулым,  Әли Мәдина,  Әшім Үміт,  Жарылқасын Жансая ақын шығармаларын нәшіне келтіріп оқып берді.
Абай - дара,  Абай - дана.  Халқын ғылым-білімге үгіттеп,  сол жолда ғана үлкен жетістікке жетуге болатынын болжаған қазақ елінің темірқазығы Абай - мәңгі бізбен бірге!
23 қазан 2020 ж. 495