ҚКТЖК » Жаңалықтар » ҚАЗАЛЫ КӨЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ҰЖЫМЫНЫҢ 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

ҚАЗАЛЫ КӨЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ҰЖЫМЫНЫҢ 9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Жеңіс – батырлардың даңқты рухын ардақтап, аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.
Ерлік-елге мұра, ұрпаққа – үлгі. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста біздің жерлестеріміз қайсар ерліктің үлгісін көрсетіп, есімдерін тарих бетіне алтын әріппен жазды. Тыл еңбеккерлері де майдан үшін, жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, жауынгерлерді қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтыды.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді.
«Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз. Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды.
Осынау Ұлы жеңіс күні – қарсаңында мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, балаларыңыз бен немерелеріңізге жарқын болашақ, бақ-береке, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір, , жанұяларыңызға бақытпен шаттық тілейміз!
Ізгі тілекпен:
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжІ директоры,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері»
Ахметов Болатбек Әбиұлы
08 май 2020 ж. 780