«Жүректен-жүрекке» тәрбие сағаты
4.03.2020 жылы №13 «Ақпаратты қорғау технигі» студенттері «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтыру орталығына «Жүректен-жүрекке» атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағатының мақсаты: балалардың жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету, адамгершілік қасиеттерді ұялату. Бұл тәрбие сағатына топ өздерінің әндерімен, билерімен, өлең шумақтарымен көрінді. Мүгедек балалар топтың келгеніне мәз болып, қол шапалақтады. Атап айтсақ: Тоғамыс Наурызбек, Жарылқасын Жансая, Әшім Үміт, Өтеғұл Құдайберген, Жұбаназарова Айгерім, Көшербай Даниал, Алмағанбетов Бекнұр, Али Мадина, Абибуллаұлы Досбол, Серік Дамир, Күлтеш Аида, Айшылық Ақтоты, Жауғанова Нұрдана, Ақпан Асылжан, Изатулла Аяжан, Бабақожа Мерей, Қаржаубаева Фариза, Сухашева Жеңісай, Тұрғанәлі Көркем. Бұл топтың сол сауықтыру орталығына баруына себепкер Сәбитов Думан атты студент және топтың жетекшісі Л.Ө.Түктібаева. Мүгедек балаларға деген қамқорлықты студенттердің бойынан көру алға жетелейтін ұмтылыс, яғни олардың бойында адамгершіліктің құндылығы бар деген сөз.