ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Құзыретті маман-болашақ ел тұтқасы"

"Құзыретті маман-болашақ ел тұтқасы"

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Облыстық Білім Басқармасы, Оқу орталығы (әдістемелік кабинет) жұмыс жоспарына сәйкес 27 ақпан 2020 жылы «WorldskillsCollege 2020» колледжішілік байқауы өтті.
Worldskills мақсаты-жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. 75 қатысушы мемлекеттегі өндіріс саласындағы дәстүрлі қолөнерден көп бейіндік әсіпке дейінгі және қызмет көрсету саласындағы қозғалыс, WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді. WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекетте болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар, танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.
Байқауды облыстық әдістемелік оқу орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы, облыстық Worldskills комитетінің төрағасы Б.Дүрманов, Қазалы аудандық «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының филиал директоры К.Еңсепов және Абу-Даби қаласында (БАӘ) Worldskills Competition әлемдік чемпионаты «Ұлттық көрме» орталығында өткен 44-ші «Worldskills» халықаралық жастар жарысының эксперті, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқау барысында «Графикалық дизайн», «Дәнекерлеу технологиясы», «Мобильді робототехника», «Кондитер ісі», «Электромонтаждау» құзіреттер бойынша білім алушылар байқауда бақ сынасты. Осы құзіреттер бойынша байқауға сарапшылық жасау үшін әлеуметтік серіктес мекемелерден сарапшылар: «Көркем» жарнама агенттігінің директоры Б.Бердімұратов, «Жан-тәңір» фотосалонының директоры Н.Баубеков, «Асыл мұра» жарнама агенттігінің директоры М.Қаниев, «Бигерестанов М» Дәнекерлеушісі О.Исмаилов, «LCI-MK» Арматур цехының шебері С.Әлиасқарұлы, «LCI-MK» Бас инженер С.Дүйіс, Қазалы аудандық оқушылар үйі «Робототехника» үйірмесінің оқытушысы Қ.Ораз, № 204 орта мектебінің информатика пәнінің оқытушысы Е.Есет, № 266 мектеп-лицейінің информатика пәнінің оқытушысы Н.Молдабай, «РЗА» ЖШС кондитері Г.Қуантай, «Алтын Ана» мейрамханасының меңгерушісі Ғ.Қалдыбекова, жеке кәсіпкер «Вокзал сервис» меңгерушісі А.Нурбаева, ЭЧ-26 электромеханигі Е.Жәли, ШЧ-40 Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері Б.Рахметалиевтер білім алушыларға оң баға беріп, жеңімпаздарға облыстық байқауға жолдама тапсырды.
WorldSkills байқауы өзінің болашақ қызметі ретінде дағды мен құзыреттіліктерді дамыту арқылы әлемді жақсарту деп есептейді. Ұйымның миссиясы құзыретті, шынайы дағдыны меңгерген адамдар өз өмірінде дербес дамуы мен экономикалық өсуіне септігін тигізетінін көрсету.



















27 ақпан 2020 ж. 851