СНЮС зияны

Басқосуға Қазалы аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Г.Мдуарова, жетекші маман Е.Қожабайұлы қатысып, қоғамда жастар мен жасөспірімдер арасында жаңа «сәнді» сигареталардың аналогы, яғни, СНЮС-ті пайдаланудан бас тарту-шылым шегуден бас тартуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ екенін, сондай-ақ түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсірететінін, никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі соқтыруы мүмкін екендігі туралы айтты.
Осы аптада барлық топтарда «СНЮС» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерінің зияндылығы, құрамы және психикалық белсенді заттардың кері әсері туралы тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп, осы тақырып бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу жолға қойылды.
