ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Педагогикалық алаң-инженер-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы»

«Педагогикалық алаң-инженер-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі жылма-жыл жас жұмысшы мамандарды даярлап оқыту, білім сапасын арттыру, бітірушілерді саналы да салауатты азамат етіп тәрбиелей отырып, мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру бағытында біршама жетістіктерге жетіп келеді.
Оқу орнында қысқы каникул күндері «Педагогикалық алаң-инженер-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру жолы» тақырыбында педагогикалық оқу өткізілді. Аталған оқуда колледжішілік оқу-тәрбие жоспарына сәйкес инженер-педагогтар онкүндік аясында бірнеше бағыттар бойынша шығармашылық жұмыстарды ортаға салды.
4 қаңтар күні колледж директоры Б.Ахметов «Қазақстан Республикасының Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасына», жаңа заман талабына сай инженер-педагогтарды ақпараттандыруға байланысты «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына тоқталды. Сонымен бірге, жаңадан қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңында көзделген негізгі міндеттер мен педагогтарға берілетін айрықша мүмкіндіктер туралы айтып, әдістемелік-шығармашылық жұмыстарды саралай келе техникалық және кәсіптік білім саласына қатысты ой-пікірлерді ортаға салды. Іс-шара жоспарына сәйкес қызметкерлер арасында модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларының іске асырылуы, озат шығармашылық жұмыстары және ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқыту мен тәрбиелеуде қолдану тәжірибесі (шығарылған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар мен электронды оқулықтар) насихатталды.
5 қаңтар күні директордың ақпараттық жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Ахай «Мемлекеттік қызметтің бірыңғай порталы» қосымшасымен жұмыс істеу әдістері /college.snation.kz/», ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы төңірегінде ақпар беріп, оқу орнында «Sitcen» бағдарламасының тармақтары бойынша жүргізілуі жайында баяндады. Мемлекеттік қызметтер, білім беру үдерісі /оқу жоспары, сабақ кестесі, электронды журнал/, кітапхана қызметі, құжатайналым, қызметкерлер құрамы, т.б. салалары бойынша бекітілген мамандар ай көлемінде атқарылған жұмыстар туралы пікір алмасты.
Сонымен бірге, колледж психологы Ә.Тілеубайұлы «Мен таңдаған жол» тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселеге айналған «Суицидтің алдын алу неліктен менің роліме сай?», «Жасөспірімдер суицидінің алдын алуда колледж мұғалімдері мен қызметкерлерінің ролі» атты сұрақтарға инженер-педагогтар жауап алды. «Қатер тобындағы оқушыларды қалай анықтай аламын?», «Егер мен оқушының тікелей қатерге бас тіккенін байқасам, не істеуім керек?» атты күйзелістің алдын алу немесе анықтауға жол ашатын тиімді тәсілдер туралы, стресс тудыратын жағдайлар туралы  пікірлер қамтылды.
6 қаңтар күні тәжірибе алмасу алаңына айналды. Облыстық «Үздік өндірістік оқыту шебері-2019» байқауының ІІІ орын иегері, жас маман А.Досым байқау барысында өзінің жеткен жетістіктері мен өз іс-тәжірибесін әріптестер арасында дәріптеді.
Жаңа заман талабына сай заманауи әдіс-тәсілдерді оқытушыларға насихаттау мақсатында колледж әдіскері Г.Сәрсенбаева «Интерактивті тапсырмаларды әзірлеу әдісі» атты тақырыппен бөлісіп, сабақ өту барысында тікелей интернетті қолданудың тиімділігі туралы айтты.
8 қаңтар күні орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Әлібекованың «Сабақтағы тәртіп: тиімді тәсілдер мен техникалар» атты әдістемесі әріптестер арасында оң бағасын алды. Оқытушылар сабақ барысында  тапсырмалардың шешімін табу технологиясы, жаман мінез-құлықтың себептері, топты сабаққа дайындау әдістері туралы пікір алмасты.
Арнайы пән оқытушысы Н.Асқарбекұлының «CLIL әдісі: арнайы пәндерді ағылшын тілімен пәндік-тілді кіріктіре оқыту технологиясы» атты баяндамасында СLIL әдісінің негізгі мақсатын түсіндіріп, бұл әдіспен оқытудың ерекшелігі, түрлі оқыту жағдайларында тиісті тілді пайдаланып, ағылшын тілінде жүргізу жаңа білім беру стандарты принциптерін дамытуда практикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретінін айтты, жұмыс өз деңгейінде ұстаздар тарапынан оң бағасын алды. 
Өндірістік оқу шебері Г.Махамбетжанның «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру процесіне IT-технологияларды енгізу» тақырыбындағы баяндамасында оқытуға қажетті бағдарламалардың тиімділігі мен қажеттілігі таныстырылып, Турбосайт-электронды оқулық жасауға арналған бағдарламасы мен презентациялық түрдегі жаңа бағдарламасында жұмыс жасап көрсетті. Заман талабына сай робототехника саласы бойынша студенттердің ойлау қабілетін дамытуға, машықтануға арналған робот бағдарламаларын құрастырып, білім алушылардың қызығушылығын арттырып отыр.
Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейтіні сөзсіз. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің ұстазына қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Осы орайда, 9 қаңтар күні техникалық-шығармашылық көрме бағыты бойынша өндірістік оқыту шеберлері арасында модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында озат шығармашылық жұмыстар және ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқыту мен тәрбиелеу бағыты жолға қойылған. Бұл байқауда өндірістік оқу шеберлерінің қолдан жасағанбұйымдары мен модульдік құзыреттілікке негізделген оқу нормативтік құжаттары да көрме төрінен орын тапты.
10 қаңтар күні көрме барысында инженер-педагогтар тарапынан «үздік» деп танылған жұмыстаркомиссия мүшелерінің шешімімен әріптестер арасында насихаттауға ұсынылды. Оқу-тәрбие жоспарына сәйкес оқу орнының 90 жылдық мерейтойы және Жастар жылына орай  арнайы пән оқытушысы А.Ахметованың ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық білім басқармасы мен оқу орны бірлескен «Инновациялық технологияларды дамытудың жаңа көкжиектері» атты ғылыми-практикалық конференция өтіп, сараптамадан өткен конференция материалдарының жинағы жарық көрді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Утембетованың колледжішілік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысындағы қасиетті жерлер тарихының кейбір мәселелері» атты мақаласы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағына енген.
ғылыми педагогикалық білімді дамыту академиясы ұйымдастырған І Халықаралық «Қазіргі педагог» байқауында «Үздік портфолио» бағамы бойынша арнайы пән оқытушысы А.Ахметова ІІІ орын, орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Әлібекова «Үздік ашық сабақ» бағамы бойынша ІІІ орын иеленген.
«Urker mitec» зияткерлік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тізбесіне енген «IQ college» жобасының аясында темір жол саласында білім алып жатқан студенттерге арналған «Түрксіб» республикалық қашықтық олимпиадасына 91 студент қатысып, оқу орны «Түрксіб» атындағы кубокты  және студенттер ІІ-ІІІ орынды иеленді.
Әдістемелік көрме барысында  инженер-педагогтар баспадан шығарылған оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын, кешендер мен авторлық бағдарламаларын, модульдік құзыреттілікке байланысты құжаттар жинағын (шығарылған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, авторлық бағдарламалар мен электронды оқулықтар) таныстырып, олардың тиімділігін көрсете білді.  
Сонымен бірге, 11 қаңтар күні педагогикалық оқуда оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу, инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолданысқа енгізу және оқытудың креативті тәсілдерін қолданған сабақ авторын анықтау мақсатында колледжішілік «Үздік ашық сабақ-2020» байқауы болып өтті. Байқауға қатысқан 21 оқытушы жаңа заман талабына сай жас мамандарға сапалы білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерді панорамалық сабақ негізінде көрсетіп, көрермендерден оң бағасын алды. Байқау қорытындысы бойынша инженер-педагогтар «Ізденімпаз оқытушы», «Жаңашыл оқытушы», «Шығармашыл оқытушы», «Ізденімпаз жас маман», «Тәжірибелі оқытушы», «Зерделі оқытушы»  бағамдары бойынша марапатталды. Байқау қорытындысымен І орынды ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.Ерсайын, ІІ орынды физика пәнінің оқытушысы Э.Қонысбай және өндірістік оқу шебері В.Әлімбетова, ІІІ орынды арнайы пән оқытушысы Н.Асқарбек және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Л.Шыныбаевалар өзара бөлісті.
Педагогикалық оқудың, яғни, тәжірибе алмасу алаңын колледж директоры Б.Ахметов қорытындылап, сарапқа салынған қызметкерлердің шығармашылық жұмыстарына орай үлгілі жұмыстарымен көзге түскен қызметкерлерді кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтармен марапаттады.



























11 қаңтар 2020 ж. 851