ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ОРНЫ
2019 жылдың 10 желтоқсан күні "Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-сі Қазалы ауданы бойынша бөлімше мамандары Қызылорда облыстық білім басқармасымен бекітілген жоспарға сәйкес арнаулы орта білім беретін Қазалы көлік – техникалық жоғары колледжіндегі "Кәусар" қыз балалар клубымен "ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ОРНЫ" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел мақсаты қыз балаларға тағатты діни сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызбен салт-дәстүрімізді дәріптеу, қазіргі әлеуметтік желілердегі дәстүрлі емес діни уағыздардың зардабын, қазақ қыздарына тән ұлттық тәрбие, салт-дәстүрлерді және жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыру. Дөңгелек үстелде бөлімше меңгерушісі Т.Демесбай және "Jas Otan" Жастар қанаты Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Г.Тасболатқызы тақырып аясында баяндама жасады. Шараны Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ералы Серік ашып, жүргізіп отырды. Қыз бала тәрбиесіне арналған іс-шара арнайы бейнеролик көрсетумен басталып, арнайы мамандардың сөздерімен жалғасты. Шара аясында студенттер түрлі сұрақтар қойып, мамандардан мардымды жауаптар алды.