ҚКТЖК » Жаңалықтар » Облыстық байқау

Облыстық байқау

27 қараша күні техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында облыстық әдістемелік кабинетпен бірлесе отырып Байқау ұйымдастырылды. Байқау шарттары бойынша қатысушылар І турдаKahootбағдарламасы бойынша Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша тест тапсырса, ІІ турда мәнерлеп оқудан сайысқа түсті. Ал ІІІ турда ТЕDxформатындатақырып қорғады.

Сайысқа облыс көлеміндегі кәсіптік білім беретін колледждерден 22 студент қатысты. Байқау нәтижесінде І орынды Қазалы агро-техникалық колледжінің студенті Оралбаев Мадияр, ІІ орынды Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Ұлғара Айжамал, ал ІІІ орынды С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінің студенті Шылмырзаева Фаризат,Қазалы агро-техникалық колледжінің студенті Мәмбетов Мерей, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенті Рашидова Аяулым, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенті Сәндібек Шапағат өзара бөлісті.

Байқау соңында Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ұстаздары Абай әндерін орындады.

Байқау қорытындысында колледж директоры Б.Ә.Ахметов сөз сөйлеп, жеңімпаздарды облыстық Білім басқармасының Дипломдарымен, колледж директорының Алғыс хаттарымен марапаттады.

27 қараша 2019 ж. 678