ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ұлы Абайдың ізімен: ұлттық болмысқа рухани сапар»

«Ұлы Абайдың ізімен: ұлттық болмысқа рухани сапар»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 25-29 қараша күндері аралығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құрметіне арналған «Ұлы Абайдың ізімен: ұлттық болмысқа рухани сапар» атты Тілдер бірлестігінің ұйымдастыруымен апталық болып өтті.

25 қараша күні апталықтың ашылу салтанатында колледж студенттері Абай шығармаларын мәнерлеп оқып, көпшілікті тәнті етті. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мерекені «Абай – ұлы даланың ұлы есімі» тақырыбында әдеби-сазды театрландырылған кеш жалғады. Кештестуденттер мен ұстаздар қауымының белсенді ұйымдасуыменАбай ақынның өмірі мен шығармашылық езеңдеріне арналған театрландырылған көріністер қойылды.

Абайдың дара, Құнанбайдың данабейнесін, көреген Зере әже мен Ұлжан ананың рөлін шынайы сомдаған орындаушылар өнері көпшілікті сүйсінтті.










25 қараша 2019 ж. 888