ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары» атты жалпыреспубликалық ашық сабақ болып, инженер-педагогтар мен білім алушыларға тұжырымдама таныстырылды.
Оқу ғимаратының ІІ қабатында 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген-Елбасы» атты кітап көрмесі қойылып, кітапхана меңгерушісі С.Сугурова Елбасының өмір жолына арналған кітаптарға библиографиялық шолу жасады. 
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы Г.Алпысбайқызы «Егемен елдің-кеменгер көшбасшысы» тақырыбында баяндама оқыса, сабақты ұйымдастырушы тарих пәнінің оқытушысы Г.Досекеева Елбасының салихалы да сарабдал саясатына арналған бейне көрініске қысқаша мәлімет берді.
Сабақ барысында №17 «Техник-жолшы-құрылысшы» тобының І курс студенттері «Ақыл мен парасатты пір тұтқан-Нұрсұлтан» атты Елбасының жастық шағынан көрініс қойса, №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобының ІІІ курс студенті Қ.Әбілдаева өзінің жүрекжарды «Елбасыға арнау» атты төл туындысын оқыды. 
Сонымен бірге, Елбасының туған жеріне арнап өз сөзіне жазылған «Үш қоңыр» әні орындалды.
Жалпыреспубликалық ашық сабақтың қонақтары Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекпанов, ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Айтбаевалар жастарға Елбасының өмір жолын дәріптеп, жастарға өз батасын берді. 
Іс-шараны ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР Түңғыш Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың Құрмет грамотасының иегер, 2015 жылғы ҚР Президентінің Алғыс хат иегері 
Б. Ә. Ахметов қорытындылады.










29 қараша 2019 ж. 680