ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ұлы Абайдың ізімен: Ұлттық болмысқа рухани сапар»

«Ұлы Абайдың ізімен: Ұлттық болмысқа рухани сапар»

2019 жылдың 27 қараша куні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледж кітапханасының ұйымдастыруымен тілдер бірлестігінің «Ұлы Абайдың ізімен: Ұлттық болмысқа рухани сапар» атты апталық аясында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Басты мақсаты – Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау. Көрмеге Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары, буклеттер, кітаптары, аудиокітаптары ұсынылды. Сонымен қатар №15 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник» тобының студенттері Рашидова Аяулым, Сапарғалиева Ұлжан, Ташаева Севара ақынның өлеңдерін оқыды. Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.




27 қараша 2019 ж. 796