ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Сайт парақшасы. Турбосайт веб-парақшасын құру және мәліметтер енгізу» ашық сабағы

«Сайт парақшасы. Турбосайт веб-парақшасын құру және мәліметтер енгізу» ашық сабағы

2019 жылдың 07 қараша күні №75 «ЭЕМ баптаушы» тобында өндірістік оқыту шебері Махамбетжан Гүлханымның «Сайт парақшасы. Турбосайт веб-парақшасын құру және мәліметтер енгізу» тақырыбы бойынша өндірістік ашық сабағы өткізілді. Сабақтың білімділік мақсаты: Турбосайт веб-парақшасын құру және мәліметтер енгізу, білім алу, сайт парақшаларын құрып, олармен жұмыс жүргізу ретін түсіндіру. Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың ой-өрісін дамытып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау. Пәнаралық байланыс: Графикалық дизайн, қазақ әдебиеті, информатика, Web технологияны қолдана отырып, web парақшаны құру пәні. Оқу-әдістемелік құралдар: Компьютерлік құрылғылар, интерактивті тақта, Prezi презентациялық бағдарламасы, ноутбок, көрнекілік құралдар және т.б.
Сабақ құрылымы модулдік құзыреттілік негізінде құрылды. Өндірістік сабақты өту барысында «А.Құнанбаевтың 175 жылдығы», «прези» презентациялық бағдарламасы, сергіту ойындар, балдық бағалау жүйелері қамтылды. Студенттер ағымдық нұсқау бойынша берілген нұсқаулы-техникалық карта арқылы  практикалық жұмыс жасап, сабақ өз мақсатына жетті.
Өндірістік ашық сабаққа колледж директоры Б.Ахметов, аға шебер Сугурова Ж., арнайы пән оқытушысы Түктібаева Л. және т.б. өндірістік оқыту шеберлері қатысып, «Жақсы» деп бағалады. 
   


07 қараша 2019 ж. 778