ҚКТЖК » Жаңалықтар » Жалпы ата-аналар жиыны

Жалпы ата-аналар жиыны

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2019-2020 оқу жылының 7 қыркүйегінде жоспарға сәйкес жалпы ата-аналар жиыны өткізілді. Жиын барысында күн тәртібіндегі: 1. 2018-2019 оқу жылындағы атқарылған жүмыстар есебі; 2. 2019-2020 оқу жылындағы жүргізілетін жұмыстармен таныстыру; 3. Құқық бұзушылықпен қылмыстылықтың алдын-алу шаралары; 4. Ағымдағы мәселелер бойынша жиын жасалды. Жиынға колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы, Қазалы аудандық ІІбөлімінің ЮПтобының аға инспекторы Куйлишев Жасұлан Жұмабайұлы, учаскелік инспектор Талғат Сағидуллаев, ата-аналар комитетінің төрайымы Айтбаева Бағдат және ата-аналар комитетінің мүшелері сонымен қатар 150 жуық ата-аналар қатысты. Жиынды колледждің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орнбасары Ералы Серік Талқанбайұлы жүргізіп отырды. Жиынды колледж директоры Болатбек Әбиұлы ашып көптеген мәселелерге тоқтала өтіп, колледжбен бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Құкық бұзушылықтың алдын-алу шарасына байланысты аға инспектор Жасұлан Жұмабайұлы ҚР Әкімшілік құқық бузушылықтың кодекстерімен таныстыра отырып, балдардың тәртібін қатаң қолға алуды айтып өтті. Комитет төрайымы Айтбаева Бағдат апай колледж ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, ата-аналар ұстаздармен бірлесе жұмыс жасайды деген сенім білдіріп сәттілік тіледі.
07 қыркүйек 2019 ж. 841