ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы»

«Ақиқатқа айналған ата-баба арманы»

Қазалы көлік техникалық жоғары колледжінде 31 мамырсаясиқуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты, №13 «Ақпаратты қорғау технигі» тобы (Л.Түктібаева, А.Ахметова) және №85 «4-ші және 5-ші класстардың теміржол стансасының кезекшісі» топтарының (Э.Маханова, Б.Тәжімұратова) ұйымдастыруымен «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты кеш ұйымдастырылды. Кештің негізгі мақсаты олардың есімдерін құрметтеуге және ұмытпауға тәрбиелеу. Топ жетекшілері студенттерге «Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары» туралы мағлұмат берді.

Студенттер бұл кеште сол кездегі зиялылардың өмірлерін көркем сөздермен, тақпақтармен, көріністермен паш етті. Саяси қуғын сүргін құрбандары ескерткішіне гүл қойды.









31 май 2019 ж. 1 080