ҚКТЖК » Жаңалықтар » "Кәусар" қыздар клубынын кезекті отырысы

"Кәусар" қыздар клубынын кезекті отырысы

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 2019 жылы 2 мамыр күні оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес "Кәусар" қыздар клубынын кезекті отырысы болып өтті. Жиынның күн тәртібінде: Кәмелетке толмаған жас өспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылықтың алдын-алу және қыздар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау турасында екі мәселе қаралды. Жиынға қатысушылар: Колледж директоры Б.Ахметов, ЮПТ-ның аға инспекторы Ж.Куйлишев, аудандық аурухана гинеколог маманы А.Болатқызы, теміржол емханасының психолог маманы Р.Мамбеталиева, "Кәусар" қыздар клубының жетекшісі Г.Жалдыбаева және оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С.Ералы қатысты. Жиын барысын колледж директоры Б.Ахметов ашып беріп студенттерге жастардың болашығы туралы сөз қозғап, бейнероликтер көрсетілді. Әрі қарай қылмыстылықтың алдын алуға байланысты мамандар баяндамаларын оқып, білім алушылардың сауалдарына жауап берді. Жиынға 158 студент қатысып жиын соңында қыздар клубының жетекшісі Г.Жалдыбаева мамандармен қалып қыздардың ойларымен бөлісті.







02 май 2019 ж. 1 006