ҚКТЖК » Жаңалықтар » Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2019 жылдың 19 наурыз күні Қазалы көлік –техникалық жоғарғы колледжінің оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын-алу мен жолын кесу бағытында түсіндірме профиликтикалық жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында колледждің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары С.Ералы 2018-2019 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын-алу байланысты жүргізілген жұмыстары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар жастармен кездесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Қазалы аудандық прокурорының орынбасары Серімбетов Сәбит, Аудандық темір жол емханасының психолог маманы Дәлиева Жұлдызай, ЖПҚ-ның ЮПБ-нің аға инспекторы,полиция капитаны Жұмабайұлы Жасұлан, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің департаментінің Қазалы ауданы пробация бөлім қызметінің әділет аға лейтенанты Мұратбаев Болатбек Қанжарбайұлы. Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Ақпанбет Нұрбек қатысты. Келген қонақтар жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
19 наурыз 2019 ж. 1 122