ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ойымды аңғар» квест интеллектуалдық сайысы

«Ойымды аңғар» квест интеллектуалдық сайысы

19.02.2019 ж «Креативті студент озық маман» атты темір жол мамандықтары апталығының аясында «Ойымды аңғар» квест интеллектуалдық сайысы арнайы пән оқытушылары Э.Маханова мен Н.Асқарбектің ұйымдастыруымен өткізілді. Сайысқа алты топ қатысты. Сайыс қортындысы бойынша І орынды №84 «Тепловоз машинисті» тобы, ІІ орынды №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобы, ІІІ орынды №88 «Жасанды ғимараттар мен жолдарды жөндеу және ағымдық ұстау бригадирі» топтары иеленді. Сонымен қатар №85 «Теміржол стансасының кезекшісі» тобына «Алғыр топ», №86 «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электр монтері» тобына «Креативті топ», №13 «Ақпаратты қорғау технигі» тобына «Ерекше топ» номинациясы берілді. Жеңімпаздар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.



19 ақпан 2019 ж. 1 194