ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Қызық екен...»

«Қызық екен...»

14.02-22.02. 2019 жыл аралығында «Теміржол мамандықтары» бойынша арнаулы пән бірлестігінің «Креативті студент-озық маман» атты апталық аясында 21 ақпан күні арнаулы пән оқытушылары Жакипова Марзия және Сердалиев Ертастың ұйымдастыруымен «Қызық екен...» интеллектуалды сайыс болып өтті.
Сайысқа «Тепловоз машинисінің көмекшісі» біліктілігі бойынша оқитын ІІІ курс №66 топтан құралған «Машинистер» командасы, құрамында: Таждаулет Н, Құлназаров Ж, Кәдірбек А, Оспанов Б және ІІ курс №74 топтан құралған «Көмекшілер» командасы, құрамында: Төлеу Данияр, Тұрған Жасұлан, Отарбай Серікболсын, Әбдікемал Мади студенттер қатысып, білімдері мен зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Студенттер жасырынған ұяшықтардағы теміржол тарихы, Тәуелсіз Қазақстан теміржолы, әлем теміржолы туралы сұрақтарға жауап берді. Сайыста 120 ұпай жинаған «Машинистер» тобы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мен қатысушылар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.

21 ақпан 2019 ж. 993