ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Поездар қозғалысының қауіпсіздігі – басты назарда»

«Поездар қозғалысының қауіпсіздігі – басты назарда»

15 ақпан күні Колледжіміздің 90 жылдығына орай «Теміржол көлігіндегі мамандықтар» бірлестігінің «Креативті студент-озық маман» атты апталығының «Поездар  қозғалысының қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбындағы темір жол мамандығы бойынша облыстық білім алушылар олимпиадасы болып өтті. 
Байқаудың мақсаты:
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыру,теория мен тәжірибені ұштастыра білу және колледжде жабдықталған заманауи арнайы пән кабинеттерін / демонстрациялы дыбыстық стендтер / насихаттау, сонымен бірге білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен оқытудың инновациялық технологияларын айқындау.Білімнің дайындық және сапа деңгейін анықтау. Байқаудың міндеттері:
Темір жолдың жалпы курсы ,техникалық ережелерді пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі пәндері бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін анықтау
Байқаудың  жоспары:
ü  «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ » өзін-өзі таныстыру - 2 минут /презентация, бейне ролик/
ü  МАРАФОН ТЕСТ - (40 мин/арнайы пән деңгейінде білім дәрежесін анықтау, тест ТЕП,ТЖЖК пәндері бойынша)
ü  «СИГНАЛДАР СЫР ШЕРТЕДІ » -практикалық тапсырма 30 мин 
Әділ қазылар алқасы: Қызылорда облыстық оқу орталығының кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Б.Д.Дүрманов, Қазалы сигнализация және байланыс дистанциясының бас инженері Б.Рахметалиев, байланыс дистанциясының аға электрмеханигі Д.Нуржаубаев, директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары, арнаулы пән оқытушысы М.К.Ахай олимпиадаға қатысқан студенттер білімін бағалады. 
Байқауға И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің және Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Байқау қортындысы бойынша:
I орын Қазалы көлік-техникалық жоғары колледждің ІІ-курс студенті Кеңес Асылзат /жетекшісі Сартай А.Б./ иеленді.
II орын Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің ІІІ-курс студенті Таждаулет Нұрлыбек /жетекшісі Сердалиев Ертас Самалбекұлы/ иеленді.
II орын И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің          ІҮ курс студенті Жеңсікбай Жандос Жанқожаұлы /жетекшісі Абуова Айжан/ иеленді.
III  орын И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің 3 курс студенті Мырзағұлов Еркебұлан Сердаулетұлы /жетекшісі Аманжолова Гүлзат/ иеленді.Жеңімпаздар облыстық басқарма басшысының арнайы Дипломымен марапатталды, қатысушыларға Алғыс хат табысталды. 
Қонақтар колледжде жабдықталған заманауи арнайы пән кабинеттерінің жұмыстарымен танысты.
Олимпиаданы директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Ахай М.К. қортындылап, колледж әдіскері Сарсенбаева Гаухар мен бірлестік жетекшісі Ахметова Анарға  облыстық басқарма басшысының орынбасары Ж.Шынтасовтың Алғыс хатын табыстады. 














15 ақпан 2019 ж. 1 167