«Цифрлы технология темір жол дамуының айнасы»
14 ақпан күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжде «Теміржол көлігіндегі мамандықтар» бірлестігінің «Креативті студент-озық маман» атты апталығының бірінші күніне арнаулы пән оқытушылары А.Ахметова мен А.Искендирова ұйымдастыруымен «Цифрлы технология темір жол дамуының айнасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының БСП СОБ электормеханигі Балымша Абдуллаева, №9 топ студенттері: Жасағанберген Серік,Арыстанова Нұрдана,Жалғасбаева Лаззат, №78 топ студенттері:Абилтаева Құндыз, Әділбекова Алтынай, №86 топ студенттері: Әбимолда Амандық, Нысаналиев Саят, №79 топ студенттері: Кадірбай Аян, Жеткербай Cерікбол қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан теміржол көлігіндегі жаңа жобаларды арттырудың перспективалық бағыттары және поездар тартымына жұмсалатын энергетикалық ресурстардың шығынын төмендетудің негізгі жолдары талқыланды. Білім алушылар цифрлы теміржолдың ыңғайлығын, тиімділігін, үнемділігін мен қолайлы жүйесін насихаттады. №9 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник» топ студенті Ізен Бибігүл «Движенцы» әнін орындады.