ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Бүгін менің туған күнім»

«Бүгін менің туған күнім»

2019 жылдың 09 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 88 жыл толуына орай «Бүгін менің туған күнім» атты лирикалық кеш өтті. Колледждің Жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшісі Е.Құсанның бастамасымен және №88 «Жасанды ғимараттар мен жолдарды жөндеу және ағымдық ұстау бригадирі» тобы студенттерініңұйымдастыруымен өткізілген кеш барысында студенттер театрландырылған койылымдар көрсетіп, өмір өрнегінен сыр шертетін өлең жолдарын оқыды. Атап айтқанда, Мұқағалидың образын №79 топ студенті Кәдірбай Аян керемет сомдады. Сонымен қатар №76 топ студенті Нағметуллаева Жансая және №85 топ студенті Нағашыбаева Жібек қойылымның сәтті өтуіне өз үлестерін қосты. №75 топ студенттері: Сахи Аружан, Сейілхан Мирамжан, Қалыбай Айжұлдыз, №79 топ студенті Әбдіханов Асылан, №85 топ студенті Ұлғара Айжамал Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінен көркем сөз оқыса, №80 топ студенттері Отарбай Жанболат және Естерек Дәулет, №73 топ студенті Сағырбекқызы Жансая, №86 топ студенті Әбимолда Амандық ән жолдады. «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесін колледж кітапханашысы С.Сүгірова таныстырды. Лирикалық кешті колледж директоры Ахметов Болатбек Әбиұлы кортындылап, студенттермен естелік суретке түсті. 









09 ақпан 2019 ж. 1 355