ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Қызға қырық үйден тыйым...»

«Қызға қырық үйден тыйым...»

2019 жылдың 8 ақпан  күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Қызға қырық үйден тыйым...» тақырыбында колледж жанынан құралған «Кәусар» қыздар клубының ұйымдастыруымен сырласу сағаты болып өтті.
Сырласу сағатын колледж директоры Б.Ахметов ашып, клуб жетекшісі Г.Жалдыбаева жүргізіп отырды. Сонымен қатар кешке Теміржол тораптық ауруханасының ардагер маманы, гинеколог Қ.Есбаев, аудандық жергілікті ювеналды полиция қызметкерлері Ғ.Сүйенқараев, Б.Сәрсенбаев, ана-ұстаз М.Ахай қатысты.
Мамандар қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы, зорлық-зомбылық белгілері көрініс тапқан жағдайда қандай шара жасау керектігі туралы мәліметтермен бөлісіп, пайдалы ақпараттар берді.Студент қыздар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауаптар алды.
Валеология пәнінің оқытушылары Р.Шыныбаева мен А.Таңжанов сауалнама таратып, Г.Махамбетжан қыздар білуі тиіс жаднамамен бөлісті.

08 ақпан 2019 ж. 878