ҚКТЖК » Жаңалықтар » Облыстық баскетбол жарысы

Облыстық баскетбол жарысы

Қызылорда облысының білім басқармасы аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы ұйымдастыруымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қыздар арасында облыстық баскетбол жарысы болып өтті. Жарысқа колледжіміздің қыздар командасы қатысты. Жетекшілері: дене шынықтыру пәнінің оқытушылары А.Мендалиева және М.Қарабалаев. Нәтижесінде колледжіміздің қыздар командасы баскетбол жарысында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, жүлделі II орын Дипломмен марапатталды. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы М.Қарабалаев жоғары деңгейде команда жасақтағаны үшін «Үздік команда жетекшісі» номинациясына ие болды. Колледж директоры Болатбек Әбиұлы Ахметов қыздар командасын және дене шынықтыру пәнінің оқытушыларын жеңістерімен құттықтап, алғысын білдірді. 










25 қаңтар 2019 ж. 1 177