«Үздік өндірістік оқыту шебері-2019»

Байқау мазмұнының шарттары 5 кезең бойынша өткізілді
І-кезең; Білім сынағы педагогика және психология тест тапсырмалары (50 сұрақ -50 минут) әрбір дұрыс бір жауап бір ұпайға есептеледі.
ІІ-кезең; Портфолио байқау барысында қаралады, өндірістік оқу шеберінің ғылыми- әдістемелік шығармашылық еңбектері, жетістіктері 3 жыл (2016, 2017, 2018 жылдар) көлеміндегі ізденістері, жетістіктер
Ш-кезең; «Мен шебермін» (5-7 минут)
ІV-кезең; Өндірістік сабақты ұйымдастырубойынша ықшам сабақ (бекітілген сабақ жоспарына сәйкес түсіндіру ) (15 минут)
V-кезең; Оқу өндірістік шеберлерінің әдістемелік-шығармашылық еңбектерінің презентациялау (5 мин)
Жаңа формациялық талаптарға лайықты, талантты жаңашыл ізденімпаз өндірістік оқыту шеберлерін анықтау барысында сайысқа қатысқан өндірістік оқыту шеберлері шығармашылық еңбектері мен жетістіктерін көрсетті.Нәтижесінде І орынды Б. Бақытжан, ІІ орындар А.Досым, Р. Ерниязова, ІІІ орын Г. Махамбетжан мен В. Алимбетова иеленсе, Байтілесов Р «Білікті шебер», Ақтілеуова Г. «Тәлімгер шебер», Мухашова Л. «Үздік эссе», Абилдаев Қ. «Өз ісінің шебері», Тәңірбергенова Ү. «Жаңашыл шебер», Мусилим А. «Жас шебер», Аңсатов А. «Шығармашыл шебер», Әуез Л. «Тәлімгер шебер», Нұрмағанбетов Е. «Ізденімпаз шебер», Айман А. «Талантты шебер» номинацияларын иемденді. Жеңімпаздарға колледж директорының дипломдары және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.










