ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады»

«Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады»

2019 жылдың 10 қаңтар күні колледжімізде колледжішілік жалпы білім беретін пән оқытушыларының «Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады» атты сайысы болып өтті. Байқауға математика пәнінің оқытушысы Ж.Сапаев, тарих пәнінің оқытушысы Ж.Дошанова, орыс тілі пәнінің оқытушылары Л.Алибекова, М.Дарибаева, физика пәнінің оқытушылары М.Бисенова, Г.Исаева, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Зулхарнаев, биология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаева, АӘД пәнінің оқытушысы М.Алиев қатысты. Байқаудың әділ-қазылар алқасы: колледж директоры Б.Ә.Ахметов, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Е.Нұралы, колледж әдіскері Г.Сәрсенбаева, өндірістік оқу шебері Л. Әдиева, арнайы пән оқытушысы М.Жакипова сайысқа қатысқан оқытушыларды бағалап, өз шешімдерін шығарып отырды.
Байқау шарттары:
  1. «Мен ұстазбын!» /5 минут/  
Презентация эссе «Оқытушы...Мамандық...Қызмет...Бейімділік...өзін-өзі таныстыру»;
  1. Білім сынағы ( педагогика және психология тест сұрақтары бойынша)  -50 сұрақ /50 мин/;
  2. Пәнібойынша панорамалық  сабақ -15 минут;
  3. Шығармашылық жоба қорғау – 10 мин;
Әділ-қазылар алқасы талантты, белсенді, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагог қызметкерлерді анықтады. Сайыстың нәтижесі бойынша: 1-ші орын орыс тілі пәнінің оқытушысы Л.Алибекова, 2-ші орын физика пәнінің оқытушысы М.Бисенова, 3-ші орын биология пәнінің оқытушысы Р.Шыныбаева иеленді. Сайысқа қатысқан оқытушыларға аталған номинациялар берілді: «Білікті оқытушы» Ж.Дошанова, «Ізденімпаз оқытушы» Ж.Сапаев, «Шығармашыл оқытущы» М.Дарибаева, «Интелектаулды оқытушы» Г.Исаева, «Талапты оқытушы» М.Алиев, «Зерделі оқытушы» Ж.Зулхарнаев. Жеңімпаздар мен қатысушыларға колледж директорының Алғыс хаты және кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтары табыс етілді.







10 қаңтар 2019 ж. 1 249