Шексіз білім арқылы тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлап шығару.
ҚКТЖК » Жаңалықтар » «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік»
«Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік»
3 желтоқсан күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 3-8 желтоқсан аралығында өткізілетін «Жаратылыстану ғылымының құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мұнарасы тым биік» атты нақты ғылымдар апталығының ашылу салтанаты болып өтті.Химия пәнінің оқытушысы Избан Нұрсұлу мен физика пәнінің оқытушысы Бисенова Мейрамкүлдің ұйымдастыруымен өткізілген кеш барысында математика пәнінің оқытушысы Ж.Сапаевматематикалыққызықты деректерімен бөліссе, информатикадан №11 топ студенттері Бейбіт Жасұлан мен РахманбердиевҒасыр компьютердің жүйелік блогының ішкі құрылымымен таныстырудамастер класс өткізді. Ал физика пәнінің оқытушысы Исаева Гүлнұр «Кахот» бағдарламасымен студенттер арасында пәндерден құралғантест жұмыстарын жүргізіп,деңгейлерін анықтады. Физика пәнінің оқытушысы А. Төрехан үй жағдайындағы өз тәжірибелерімен бөліссе, №85 топ студенті Ұлғара Айжамал «Биотехнология әлемі» туралы толық мәліметтер берді. Кеш барысында №84 топ студенті Жұмағали Ернұр «Химия қиын», №88 топ студенті Қалжан Несібелі«Көңілді күн», Кален Жанна мен Әбенов Нұрбектің орындауында «Химиялық жүздесу»әндері жәнебиші қыздардың ерекше билерікөрермендердітәнтті етті. Кештідиректордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Серік Ержанұлы қортындылады.