ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ ТАЛАБЫ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»

«ЗАҢ ТАЛАБЫ-ЗАМАН ТАЛАБЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Заң талабы-заман талабы» тақырыбында студенттермен құқықтық түсіндірме профилактикалық жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты-кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, топтық төбелес пен есірткі қылмысының алдын алу болып табылады. Жиында Қазалы АПБ-нің КПб-нің бастығы, полиция майоры А.Баймаханов пен Қазалы АПб-ні КПб-ші жедел уәкілі полиция капитаны О.Темірлер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелес,  әлімжеттік көрсету /бопсалау/, интернет алаяқтардан сақтану, лудомания және қазіргі таңдағы психотропты заттар, есірткінің түрлері, оларды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау, тасымалдау (курьер, закладчик) туралы баптарын таныстырып, білім алушыларды құқықтық сауаттылықтарын арттырып жүруге шақырды. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, студенттерге құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берді.






14 қыркүйек 2026 ж. 0