ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ТІЛ ТАҒЫЛЫМЫ КІТАППЕН БІРГЕ»

«ТІЛ ТАҒЫЛЫМЫ КІТАППЕН БІРГЕ»

5 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Тіл тағылымы кітаппен бірге» тақырыбында кітапханалық сағат ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты- көркем әдебиет пен кітап оқу арқылы білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту, ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру.

Іс-шара барысында  «Тіл-ұлттың сүйенер діңгегі» тақырыбында баяндама жасалды, «Тіл тағылымы» тақырыптық кітап көрмесімен таныстырылды. Сонымен қатар  мақал-мәтелдер мен қанатты сөздердің мәнін ашты.

Шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар өздері оқыған сүйікті кітаптарынан ана тілінің көркемдігін танытатын үзінділерді жатқа және мәнерлеп оқып, өзара тәжірибе алмасты.

 Кітап-білімнің қайнар көзі, ал тіл-ұлттың рухани тірегі.

Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелей берсін!

11 қыркүйек 2026 ж. 0