ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Заң және тәртіп» тақырыбында І курс студенттерімен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында жастарға бірінші кезекте қоғамның тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңның алатын орны мен маңызы жөнінде тереңірек танысуына мүмкіндік болды. Жиында колледж директоры Р.Ізтілеу, Қазалы ауданы полиция бөлімі ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы, полиция подполковнигі М.Бегалиевалар құқық қорғау органдарындағы заң қағидалары жөнінде тағылымы мол мәліметтер ұсынып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қауіпсіздікті сақтап, ішкі тәртіп ережелеріне бағыну керектігі туралы айтып өтті. Жалпы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың ұсақ бұзақылық, көлік құралдарын басқару, оның ішінде авто-мото көліктерді басқару, көше тыныштығын бұзу, айналасына сыйламаушылық таныту, беймезгіл уақытта жүру, әлімжеттік көрсету, бопсалау, лудомания және қазіргі таңдағы психотропты заттар, есірткінің түрлері, оларды әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау, тасымалдау (курьер, закладчик) мен саудаға салу, әртүрлі платформалардың қосымшасы арқылы тапсырыстар беру және оларға қатысты ҚР ҚК-нің қылмыстық жауапкершілік туралы баптарын таныстырып, білім алушыларды құқықтық сауаттылықтарын арттырып жүруге шақырды.




10 қыркүйек 2026 ж. 0