ТІЛ-ХАЛЫҚТЫҢ ДИДАРЫ, ҰЛТТЫҢ ТУЫ
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде 5 қыркүйек-Тілдер күні және ұлт Ұстазы А. Байтұрсынұлының туған күніне орай І курс студенттері арасында "Тіл-халықтың дидары, ұлттың туы" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Тілдер бірлестігінің жетекшісі Г. Жалдыбаева алаштың ардақты ұлы ағартушы ғалым туралы, оның оның қазақ тілін дамытуға қосқан ерен еңбегі хақында баяндама жасады. ЛМК-26/9, ТЭ-26/9, КО-26/9, ТСК-26/9, СОБ-26/9 топтарының биыл қабылданған студенттері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде көркемсөз оқып, кеш көркін аша түсті. Ағылшын тілінің оқытушысы А.Ерсайын студенттерге қызықты викториналық сұрақтар ұсынды. Шара соңында колледж директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары С. Нұралы қорытынды сөз сөйлеп, білім алушыларға сәттілік тіледі.









