Құттықтаймыз!

2023 жылдың 14 наурызында Қазалы көлік- техникалық жоғары колледжінің студенттері " Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы " АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты мен И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі ұйымдастыруымен  өткізілген Техникалық және кәсіптік білім беру орындарының білім алушылары арасындағы  "Облыстық жаратылыстану пәндерінің  олимпиадасына" қатысты.

Олимпиаданың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру орындары студенттерінің химия, биология , математика, физика пәндерінен алған білімдерін саралау, студенттердің пәнге деген қызығушылығын  арттыру және ғылымның дамуындағы жаратылыстану пәнінің  маңызын насихаттау.

Облыстық олимпиада қортындысымен  СОБ- 22/9 тобының І курс студенті Рашид Асель  химия пәні бойынша 1ші орын /жетекшісі педагог-зерттеуші Н.Избан/,  В-22/9 тобының І курс студенті Жақсылық Ақбота математика пәнінен  1ші орын /жетекшісі педагог- модератор  Ж.Сапаев/ иеленді .

Жеңістеріңіз құтты болсын Әріптестер!