«Алтын белбеу»

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ күресінен жасөспірімдер арасында аудандық «Алтын белбеу» жарысында Қазалы көлік-техникалық колледжінің студенттері қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Жарыс нәтижесі бойынша 72 кг салмақ дәрежесінде Жасағанберген Бейбіт ІІІ орын, 66 кг салмақ дәрежесінде Қуаныш Еркебұлан ІІ орын, 64 кг салмақ дәрежесінде Орысбай Досбол ІІ орын, 60 кг салмақ дәрежесінде Расулметов Рысбек ІІ орын, 57 кг. салмақ дәрежесінде Тәжібеков Айдос ІІІ орын,  55 кг. кг салмақ дәрежесінде Қали Фархат ІІ орын, Абдрейм Жарасқан ІІІ орын иеленді.