"ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАНДАР ЖАДЫМЫЗДА"
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде тарих пәнінің оқытушысы Г.Досекееваның ұйымдастыруымен 31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған "Жазықсыз жандар жадымызда" атты таным сағаты өткізілді. Шараның мақсаты-студенттерге ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі оқиға туралы терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту және білім алушыларды Отансүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Таным сағатында бейнеоликтер мен слайдтар көрсетіліп, Алаш қайраткерлерінің өмірі баяндалды. Сонымен қатар, студенттер патриоттық әндер, орындап, сахналық қойылым қойып өз шығармаларымен бөлісті. Шараны колледж директоры Р.Ізтілеу қорытындылап, оң бағасын берді.








