“Тыл мен майдан – шындық пен ерлік”
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Кенттік кітапхана мен Қазалы көлік-техникалық колледжі кітапханасы “Тыл мен майдан – шындық пен ерлік” атты танымдық кеш өткізді.
Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен ел бірлігін насихаттау, жастардың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кеш барысында майдангерлердің қаһармандығы, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық еңбегі туралы тағылымды мәліметтер айтылып, тарихи деректер мен әдеби шығармалар таныстырылды.
Іс-шара аясында “Жеңіс – елдің жүрегінде” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына соғыс тақырыбындағы әдебиеттер, батырлар туралы кітаптар мен атаулы жылдарда жарық көрген тарихи жинақтар ұсынылды. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ержүрек тұлғалардың өмірі мен ерлігі жайлы еңбектер таныстырылып, студенттерге кеңінен насихатталды.
Кеш соңында қатысушылар ерлікке тағзым етіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға үндейтін ой-пікірлерімен бөлісті. Танымдық шара жастарға рухани әсер сыйлап, тарихи жадымызды жаңғыртуға бағытталған мазмұнды кездесу болды.








