«МЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫН»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жұмыс жоспарына сәйкес жасөспірімдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында колледж психологы Т. Ағымның ұйымдастыруымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында топтық тренинг өткізілді. Шараның мақсаты-жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру. Кездесу барысында қатысушыларға психологиялық қолдау, өз құқығын қорғау және қиын жағдайларда көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар топқа бөлініп, арт-техника әдісін ұштастыра отырып, «зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ», «зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыптарына постерді суретпен ойларын білдірді.
Білім алушылар белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.








