ҚКТЖК » Жаңалықтар » «АЙБАРЛЫ ЕРЛЕР-АСҚАҚ ЕЛ!»

«АЙБАРЛЫ ЕРЛЕР-АСҚАҚ ЕЛ!»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің әйелдер қауымының ұйымдастыруымен 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында «Айбарлы ерлер-асқақ ел!» тақырыбында  мерекелік шара болып өтті. Шараның мақсаты- жастарды Отанды қорғауға, патриоттыққа, шыншылдық пен адалдыққа баулу, насихаттау және ер азаматтарымыздың имиджін көтеру, құрмет ілтипат көрсету, еңбектерін бағалап дәріптеу. Кешті колледж директоры Рахметулла Жәдігерұлы құттықтау сөзімен ашып, инженер-педагогтарды Алғыс хатымен марапаттады.

Қайғы келсе жеңілмейтін,    

Бақыт келсе, семірмейтін,

Ер мінезін қадірлейтін,

Еркектердің даңқы жасасын!!!


06 май 2026 ж. 0