«СЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫҢ-СЕНІҢ ШЕКАРАҢ»
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының» 22.01.2026 жылғы №02-02/04 санды хатына орай «Заң мен тәртіп» идеологиясын орнықтыру жөніндегі колледжішілік іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейту мақсатында білім алушылар арасында жастар ұйымының жетекшісі Е.Нұрсұлтанның ұйымдастыруымен «Сенің құқығың-сенің шекараң» тақырыбында пікірталас өткізілді. Шараның мақсаты-білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тақырып аясында жастар жанашыры Е.Нұрсұлтан білім алушыларды азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білуге шақырып, құқықтық дауларды шешудің тиімділігін, құқық қорғау органдарына сенімділіктің артуын айта келе, қоғамдағы теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды. Шараға қатысқан І-ІІ курс студенттері кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу тақырыбында сөз жарыстырды. Белсенді білім алушылар колледж директорының Алғыс хатымен марапатталды.








