ҚКТЖК » Жаңалықтар » «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ-ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ»

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ-ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫ»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде  студенттерге Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының маңызы мен мақсатын түсіндіру мақсатында ЛТЭ-25/9 «Техник-электромеханик» тобында топ жетекшісі, тарих пәнінің оқытушысы Г.Досекееваның ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция-Әділетті Қазақстанның берік іргетасы» тақырыбында топ сағаты өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы-ел тарихындағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың бірі екендігі айтылып, білім алушы, яғни, өскелең ұрпаққа «Жаңа Конституцияны қолдау-Әділетті Қазақстанды бірге құру жолындағы ортақ міндет» екендігі түсіндірілді.



23 сәуір 2026 ж. 0